ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ҚАРИЯЛЫ ҮЙ - ҚАЗЫНАЛЫ ҮЙ!

09:23, 1 қазан 2021

1-ші қазан халықаралық қарттар күні. Бұл - аға буын ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне ризашылық білдіріп, ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Осыған орай Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын ауылында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Әдет-ғұрып, ырым-тыйым, жөн-жоралғыларымызды жадына тоқыған ата-әжелеріміз асыл қазына – кемел кітап сынды. Кеуделері шежіреге толы қарияларымыздың қадірін біліп, бағасына жете білсек, ата-салттан ажырамағанымыз. Жылына бір келетін Қарттар күнінде ақ самай аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің жүзінде шуақ ойнап, көңілі шалқып, мерейі тасып қалады.  
Бүгінде елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер бар. Оның 2635-і Құсмұрын ауылында тұрады. Олардың арасында күннен-күнге қатары сиреген кешегі сұм соғыс қатысушылары, сол қиын-қыстау кезеңде тынбай еңбек еткен тыл ардагерлері де бар. Бірақ денсаулық жағдайларына байланысты бүгінгі концертке олар келе алмады.

Құсмұрын кентінде өткен концерт карантиндік шектеулерге байланысты ашық аспан астында көрініс тапты.  Алайда, күздің суығы мерекелік көңіл күйге әсте кері әсерін тигізбеді.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
13:02, 20 қаңтар 2022
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
13:00, 20 қаңтар 2022
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
12:56, 20 қаңтар 2022
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...