ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

20:10, 5 сәуір 2021

Қостанай қаласында түнгі рейд жұмыстары кезінде карантин талаптарын сақтамаған кезекті кәсіпкерлік нысан анықталды. Қожайынына айыппұл салынды. Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында құрылған мониторингтік топ қоғамдық орындарда тексеріс жұмыстарын күшейтіп, қатаң бақылауда ұстап отыр. Осы күнге дейін 5 мыңға жуық тексеріс жүргізілген.

Бұл өткен демалыста болған рейдтің көрінісі. Мониторингтік топ өкілдері облыс орталығында орналасқан түнгі клубтың бірі 12:00-ден кейін жұмыс істеп жатқан кезде үстінен түсті. Алайда, арнайы топ ішке кіре алмады. Себебі, нысан иесі, ғимарат есігін құлыптап алып, ашпай қойды.
 

Келесі нысан да карантин талаптарын өрескел бұзған. Соңғы шыққан қаулыға сәйкес қаладағы барлық ойын-сауық орталықтарының жұмысы түнгі 12:00-ден кейін мүлде тоқтатылу керек болатын. Алайда, қала орталығында тұрған бұл ойын клубы ережені елемегендердің тізіміне кірді. Сәйкесінше, кәсіп иесіне әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-бабына сәйкес хаттама толтырып, айыппұл салынды.

Қазақстанда індет қайта өршіді. Оған ел аумағынан анықталған вирустың жаңа штаммдары да себеп. Қостанай облысы «жасыл» аймақта болғанымен арқаны кеңге салуға болмайды. Қазіргі уақытта мониторингтік топ өкілдері тексеріс жұмыстарын күшейтті.  4970-тен астам рейд жүргізілді, тексеру барысында 400-ге жуық заңбұзушылық анықталып, әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына тиісті материалдар жолданды.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...