ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА

20:32, 9 сәуір 2021

Карантиндік шектеу шараларына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айында орындалар құлшылық амалдарының ережесін бекітті. Ол туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облыстық мешітінің бас имамы Бақытбек Тәжімбет мәлімдеді. Ораза кезіндегі тақуалық тәртібін тілші тізіп берсін.

Биыл ораза толық 30 күн ұсталады. Ол 13-сәуірден 12-мамырға дейін жалғасады. Мамыр айының 8-нен 9-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. Биыл жан басына шаққанда берілетін пітір садақа – 420 теңге деп белгіленді. Оны «Каспи. Кз» мобильді қосымшасы арқылы да аударуға болады. Енді ораза ұстау кімге парыз етілгенін бас имам айтып берсін

Ал ауыз бекітпеуіне рұқсат берілген адамдар санатына: ораза айында сырқаттанып қалғандар, алыс сапарда жүргендер, сосын жүкті және бала емізетін әйелдер жатады. Хош, қасиетті айда жасалатын құлшылық амалдарының кейбіріне тыйым салынып отыр. Атап айтсақ, жұма намаздары мен тарауық оқуға және көпшілікке ауызашар беруге рұқсат жоқ.        

Қысқасы, қасиетті айда негізгі басымдық ниетіміз бен жасалатын ғибадатымыздың риясыз, шын ықыласпен орындалуына беріледі. Сондықтан да Алла разылығы үшін ең ізгі әрекеттермен айналысқан абзал. Оның сауабы еселеніп қайтады. Есте сақтайтын бір жайт, құлшылық жасауға деген құлшынысыңыздың артуына карантин кедергі емес. Рамазан айы  мүбәрак, оразаларыңыз қабыл болсын?!!

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...