ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ

20:33, 18 қаңтар 2021

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейген. Қаңтардың он төртіне дейінгі аралықта барлығы 74 жағдай тіркеліп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, дертке шылдыққандардың дені – Қостанай тұрғындары. Күн сайын күшейіп бара жатқан кеселмен күресу мақсатында жедел штаб отырысы өтті. Алда атқарылар тиісті іс-шаралар төңірегінде тілші әңгімелейді.

Өткен жылдың басынан бүгінге дейін өңір бойынша коронавирус инфекциясының 8 мың 453 жағдайы тіркелген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, науқастанғандардың басым бөлігі облыс орталығына тиесілі болып отыр. Қаңтардың 14-не дейнгі уақыт ішінде Қостанай қаласының 35 тұрғынынан індет белгісі табылған. Ауырған адамдар аудандарда да аз емес, қысқасы жағдай мәз емес.

Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелерінде барлығы 1096 төсек-орын болса, олардың 40 проценті бос емес. Демек, стационарда 400-ден астам тұрғын емделіп жатыр. Бұл көрсеткіш осыдан 2 апта бұрын 30 пайыздан сәл ғана асатын, -  деді өңір әкімі. Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов мониторингтік топтардың белсенділігі баяулағандығын да тілге тиек етті.

Жалпыға ортақ міндеттің орындалмауы салдарынан, облыста карантин тағы да екі аптаға ұзарды. Ақпан айына дейін жағдай тұрақталар болса, шектеу шараларының кезең-кезең бойынша жеңілдетілетінін жеткізді облыс әкімі. Сондықтан, локдаунның жалғасу - жалғаспауы тұрғындар іс-әрекетіне тікелей байланысты. 

Тақырып бойынша материалдар

АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
20:38, 25 ақпан 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖОБА-ЖОСПАРЛАР
20:35, 25 ақпан 2021
ЖАСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖОБА-ЖОСПАРЛАР
Толығырақ...
ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
20:33, 25 ақпан 2021
ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...