
Қостанай қаласының 143 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2022 жылғы 5-6 және 12-13 тамызда сағат 18.00-ден 21.00-ге дейін "Менің қаламның тарихы" жобасы шеңберінде қала көшелерінде мерекелік безендірілген екі қабатты экскурсиялық екі автобус жүретін болады. Жолақы тегін. Бұл туралы Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.