ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

20:12, 11 мамыр 2021

9 мамыр күнгі мерекелік шаралар ардагерлер тұратын аулаларда да жалғасын тапты. Мәдениет саласының мамандарынан құрылған өнерпаз топ әннен шашу шашса, Қостанай қаласының әкімі арнайы барып сый-құрмет көрсетті.

Ардагерлер тұратын тұрғын үй аулаларында әскери әндер бірнеше күн қатарынан шырқалды. Концерттік бағдарламаны еңкейген қарттан бастап, жастар мен өзге де тұрғындар да тамашалап, мерекелік көңіл-күй кешті.

ҰОС қатысушысы Қасымхан Алдабергенов салауатты өмір салтын ұстағанды жөн көреді. 95-тегі қарияның қуаты қайтпаған, сөзі түзу, өзі тың. Десанттық әскер қатарында қызмет еткен ардагердің әскери қоржынында парашюттен секірген талай ерліктері бар. Бозбала шағында шайқасқа аттанған ақсақал бүгінде достарын қимастықпен еске алады.

Михаил Подоляков соғыс басталғанда, мектеп оқушысы еді. Украина майданында от кешкен ардагер, 44 жылы ауыр жарақат алып, госпитальда ем  алғаннан кейін, танк училищесіне оқуға жіберіледі. Одан кейін Түрікменстанда, Европада әскери қызмет етіп, елге 48 жылы оралыпты.

Ардагердердің ендігі бар тілегі – ел тыныштығы мен татулығы. Отан үшін от кешкен, омырауын оқ тескен жауынгер аталарымыздың ерлігі ешқашан халық санасынан өшпек емес. Ұлы Жеңістің мәні қашанда ұшан-теңіз.

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...