ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

20:39, 6 сәуір 2021

Облыс орталығында санитарлық тазалау шараларын ұйымдастыру - қалалық шаруашылықты басқарудың құрамдас бөлігі. Кез келген аумақтағы қолайлы экологиялық жағдай санитарлық тазарту жөніндегі міндеттердің уақытылы атқарылуына байланысты. Бұл ретте қыс мезгілінде іске асқан жұмыстар көктемгі су тасқынына тосқауыл қоятыны белгілі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде сұхбат берген сала мамандары Қостанайда қар шығару шараларының қалай орындалғанын мәлімдеді.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері сынап бағанасы плюс 15 градусқа дейін көтеріліп, күн күрт жылынады деп күтілуде. Осы ретте облыс орталығында су тасқынының алдын алуға арналған әзірлік жұмыстары жүргізілуде. ТКШ мамандары тасқынға тосқын қою үшін тіисті шаралардың орындалатынын айтты. Ол үшін қаладағы   су өткізу құбырлары мен суды бұру арналары тазартылған.

«Әуежай» ықшам ауданында аулаларды су баспауы үшін нөсер кәрізі бойынша жоба әзірленді. Жауапты мердігерлік ұйым оны жуырда іске қосады. Онда бірнеше сорғы станциялары мен су ағызылатын құбырлар салынған. Тасқын қаупі төнген аумақтардың тізіміне  «Юбелейный» шағын ауданындағы 11- үй ерекше еніп отыр  Сосын, «Достық» көшесі бойындағы қардың шығарылмауы да алаңдаушылық тудыруда. 

Көп қабатты үй аулаларында қар шығару мәселесіне келетін болсақ, бұл - жеке пәтер иелері коперативі төрағасының міндеті. Қыста ол туралы ойламағандар қазір көктемгі су тасқынының төтеден келген түйткілін сезініп жатқаны сөзсіз.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...