ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

09:33, 5 қазан 2021

Төртінші рет өткелі жатқан «Қайырымдылық керуені» байқауы - сауапты іске жақын, мұқтаж жандарға қол ұшын созатын адамдарды анықтауға, мейірімділік, гуманизм сынды адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Байқау жылда Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды өскелең ұрпаққа үліг етеді.

Кезекті республикалық байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы бірлесе жүзеге асырып отыр. Оған әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлесін қосатын, өзгелерді өздерінің игі ісімен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Ал «Туған жер» аталымы - білім, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру, туған өлкесіне қайырымдылық танытқан азаматтарға арналған. «Батыл жүрек» номинациясы - ерлік көрсеткен адамдарға, «Мейірім жолында» аталымы - белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсеткен жандарға ұсынылмақ.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2021жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. Қайрымдылық жасауға жетелейтін республикалық жобаға атсалысқыңыз келсе, қажетті ақпаратты «www.businesswomen.kz» сайтынан табуға болады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
11:09, 25 қазан 2021
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
11:07, 25 қазан 2021
«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 8 МЛРД ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
11:02, 25 қазан 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 8 МЛРД ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...