ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

ИХСАН ІЛІМІ – ӘДЕПТІЛІК БАСТАУЫ

20:51, 19 ақпан 2021

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021-ші жылды ихсан жылы деп белгіледі. Осыған орай облыстық мешітте «Ихсан және жастар» атты діни танымдық кездесу өткізілді. «Ихсан» сөзі - пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын рухани ілім. Облыстық мешіттің бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы жастарға осы түсініктің жан жақты ілімін жеткізді.

Діни кездесу «Ихсан және жастар» деген атауды арқау етті. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай Қажы Тағанұлының тапсырмасымен әр өңірде осындай сипаттағы кездесулер өтуі тиіс. Қостанай облыстық мешіт имамдары карантиндік шектеулердің жеңілдетілуін пайдаланып, ихсан жылының алғашқы шарасын бастап отыр. Ондағы ой  жастар арасында жат ағымға жол бермеу. Ислам дінін дұрыс жолмен насихаттау.  

Танымдық шараны облыстық мешіттің бас имамы Бақытбек  Нұрғабылұлы  жүргізіп,  әдептілік  қағидаттары  туралы  әсерлі әңгіме айтты. Саналы ұрпақ өсіру үшін бала тәрбиесінде қазақтың дүниетанымына  ежелден жақын Ихсан іліміне ерекше  мән беру  қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бас имам жастарға өмір құндылығын бағалау сипатында уағыз наисхаттарын жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша «Ихсан» жылы алдағы айларда түрлі діни кездесулермен жалғаспақ. Алдымен қала маңындағы аудан мен елді мекендер қамтылып, кейін шалғайдағы ауылдарда өткізу  жоспарда бар.

Балауса Жақсыбай

Тақырып бойынша материалдар

АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
20:38, 25 ақпан 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖОБА-ЖОСПАРЛАР
20:35, 25 ақпан 2021
ЖАСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖОБА-ЖОСПАРЛАР
Толығырақ...
ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
20:33, 25 ақпан 2021
ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...