ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ХҚКО-ДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ

20:38, 2 сәуір 2021

Елде эпидемиялық ахуал қайтадан нашарлай түсті. Осыған байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары етек-жеңді қымтай түсуге мәжбүр. Нақтырақ айтқанда, азаматтарды тек қана кезек брондау шартымен қабылдап, сақтық шараларын қайта күшейте бастады. Қостанай облысында алты орталық осылай жұмыс істемек. Толығырақ.

Қостанай облысы қазіргі таңда «жасыл» аймақта. Сақтықта қорлық жоқ, карантин шаралары барынша күшейтілуде. Қатерге қарсы қам халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басталды. Алдын ала кезекке тіркелмеген тұрғынға қызмет көрсетілмейді. Вирустың таралуына жол бермеу үшін қостанайлық ХҚКО-лар  сақтық амалын ұстанып отыр.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантиндік шараларды қатаң ұстана отырып, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Қостанайдың №1, 2, 3 Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен, Мамандандырылған ХҚКО, Рудный және Тобыл ХҚКО қызмет алу үшін алдын ала брон жасау міндетті. Орталықтарға белгіленген уақыттан 15 минут бұрын келген абзал. Кешіккен жағдайда, бронь жарамсыз болып қалуы мүмкін дейді мамандар.

Айта кетейік,  кезекті брондаудың бірнеше тәсілі бар. 1414 колл-орталығына жүгінсеңіз болады, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, еgovmobile қосымшасы және EgovKzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-бот арқылы да қызмет ала аласыз.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...