ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

ҒАЛАМДЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ САНДЫҚ ТЕЛЕАРНА

20:42, 28 шілде 2021

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының басым бағыттарының бірі – телерадио хабарларын таратуды цифрландыру. Осыған орай, Қостанай облысын сандық хабар тарату жүйесіне көшіру рәсімі 98 пайызға орындалған. Ағымдағы жылы барлық монтаждау мен жарақтандыру жұмыстары аяқталып, аналогтық хабар тарату жүйесі толығымен жойылды. Жаңадан жарақталған сандық телеарналардың артықшылығы қандай? Қарапайым көрермен үшін қандай өркениет жайлылығы ұсынылып отыр? Толығырақ тілші тарқатады.

Цифрық Қазақстан бағдарламасы іске қосылғалы жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Сандық эфирлік телехабар тарату желісі  өңіріміздің  98 пайыз аумағын қамтып отыр. Шалғай ауылдар мен шағын шаһарларда да көк жәшіктегі көріністің сапасы бүгінде мінсіз дейді мамандар.

Сандық телеарна жаһанда болып жатқан жаңалықтан халықты құлағдар етуші, тіпті оқиға орнынан тікелей түсірілім жасап, жедел хабар тарату әлеуетіне ие ақпарат көзі екені даусыз. Техниканың заманы дүркіреп тұрған тұста Тобыл өңірі сандық жүйеге көшкендердің  алғашқысы.  Мұнда қазір 59 телерадио мұнара бар. Оның 32-сі жаңадан тұрғызылса, 27-сі қайта жарақтандырылған.

«Қазтелерадио» операторларының жұмыс орны кәдімгі бағдарламашылардың кабинетінен кем емес. Қабылдағыштар мен жабдықтар көрші бөлмеде орналасқан. Ақылды техникалар бөлмесінің ауа температурасы автоматты түрде реттеледі. Бәрі цифрланған. Телевизия саласына сандық жүйенің енуі - отандық телеарналарға қолжетімділікті арттыруға зор мүмкіндік берді дейді телерадио станциясының қызметкері.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...