ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

«ФЕДОРОВ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА» - 100 ЖЫЛ!

20:17, 18 маусым 2021

Өңіріміздің байырғы басылымдардың бірі - Федоров аудандық газетінің алғашқы санының шыққанына 100 жыл болды. Қоғамдағы оқиғалар мен халықтың тыныс-тіршілігін, мұң-мұқтажын өз оқырмандарына жеткізе білетін газеттің таралымы бүгінгі күні 2 мыңнан асады. Өзінің 100 жылдық тарихында аудандық газет бірнеше атпен шығып, «Федоров жаңалықтары» болып қайта өзгертіліп, бүгінгі күнге дейін осы атаумен оқырман арасында танымал. Газеттің тарихы мен шығармашылық топтың жетістіктері жайлы толығырақ келесі бейнематриалда.

Аудан газетінің ұжымында бүгінгі күні  8-ге жуық адам жұмыс істейді. Халыққа аудандағы болып жатқан жаңалықтармен мен оқиғаларды сапалы әрі жылдам жеткізе білетін «Федоров жаңалықтары» газеті аптасына 1 рет жарық көреді. Елді мекен тұрғындары арасында газетке деген сұраныс жоғары. Әр жылдары түрлі атаумен оқырманға жол тартқан басылым орыс тілінде де жарық көргенімен атамұра мен ұлттық құндылықтарты құнттап, салт-дәстүрді насихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуда жемісті еңбек етіп келе жатыр.

Күнмен күн астасып, аптаны аяқтап келесі аптамен қауышып, ай артынан ай жетіп, зулаған жылдар еншісінде сынаптай сырғыған жүйрік уақыт жүйткіп жүре береді. Ал, осы уақытпен үзеңгілесе жарысып, тіпті одан озбаса да қалыспайтын сол уақыттың тамырын ұстап, тынысын білдіріп отыратын ерекше бір күш бар. Ол-мерзімді баспасөз. Кеңес үкіметі жылдарында, елімізде мерзімді баспасөздің үлкен тобы қалыптасып, дамыды. Сол кезеңде құрылған Федоров ауданындағы «Федоров жаңалықтары» басылымының тұңғыш саны жарық көргеніне биыл 100 жыл толды. Өңірдің дамуымен өркендеп, аудан шежіресіне айналған, қалың оқырманның ықыласына бөленген бұл басылымның пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы да түрлі кезеңдерді қамтиды. Ол Федоров ауданының өңірінің тарихымен тығыз байланысты, - дейді аудандық газеттің тізгінің ұстаған  Антон Першуков.

Газет өзінің алғашқы жылдарында-ақ маңына елгезек те екпінді жұмысшы, ауыл тілшілерін топтастыра білді. Бұл игілікті істердің артында, әрине, сауатты да білікті тілшілер тұрғаны айтпаса да түсінікті. Ендеше, аудандық газеттің жұмыс істеу тәсілдері мен әдістері өзгелерге үлгі боларлықтай.

Өмірдің үдере жаңаруын, үрдісті өзгерістерін дәйекті жазып, оқырмандарына жандандыра жеткізуде жұмысшы, село тілшілерінің тигізген ықпалы жыл санап өсіп келеді. Белла  Құлмұғамбетова аудандық газетпен байланысы, тілшілік қызметі осыдан 5 жыл бұрын басталған. Ұжым жақсы, жұмыс өзімі ұнайды, бастысы – оқырмандар риза дейді ол.

100 жыл! 10 мыңнан астам нөмір! Шығармашылықпен өткен 30 мыңнан астам күн, 30 мыңнан астам түн. Әр номердің өз парасаты мен рахаты, қуанышы мен мұңы бар. 100 жыл бойы шағын редакция ұжымы ауданның атқарушы органдарының сенімді көмекшісі ретінде қалың оқырмандарға мазмұнды, мәнді мақалалар жеткізуге өзінің ақыл-ойын, білімін жұмсаудан жалыққан емес. Ендеше, қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі «Федоров жаңалықтарына» ұжым атынан шығармашылық табыс тілейміз!

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
20:43, 29 шілде 2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...