ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ Толығырақ

ЭТНОСАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫ ДАМЫТУ СЕМИНАРЫ

20:15, 18 ақпан 2021

Өскелең ұрпаққа бейбітшілік пен ізгілік, аға буын мен этносаралық достықты құрметтеудің жалпыадамзаттық құндылықтарын қалай дәріптеу керек? Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы және көші-қон қызметі өкілдерімен өткен онлайн семинар барысында талқыланды. Кеңес барысында қатысушылар өздерінің жұмыс жоспарлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар-кеңес барысында ақпараттық жұмысты қалай жандандыру керектігі туралы айтылды. Қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында ҚХА жанынан ашылған  журналистер клубы жұмыс істейді. Алайда, оның ресурстары мен әлеуеті бүгінде толық пайдаланылмайды. Сондықтан олар үшін оқыту семинарын өткізу ұсынылды. Журналистер БАҚ-да ғана емес, әлеуметтік желілерде де толеранттылық туралы сауатты жеткізе блуі тиіс.

Онлайн кездесуде этносаралық салада жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы да  айтылды. Осы ретте көпэтносты қазақ елінің қалыптасу тарихы туралы жинақ шығарылмақ. Ол үшін этнос өкілдерінен өздерінің ел дамуына қосқан үлесі туралы материалдар күтілуде.

Тағы бір «Тұңғыш Президент жолы» жобасы еліміздің барлық өңірлерін аралайды. Осы ретте Елбасы замандастарымен кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, 10 жыл бойы «Болашақ үшін есте сақтау» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл дәрістер: қуғын-сүргінге ұшырағандардың, Қазақстанға жер аударылғандардың ұрпақтарымен жастарды кездестіру.  Онда этностар тарихындағы қайғылы оқиғалар туралы әңгімеленеді. Мұндай кездесулер әр өңірде онлайн форматта өтуі тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ
20:12, 24 ақпан 2021
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХҚКО ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ РЕСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
20:09, 22 ақпан 2021
ХҚКО ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ РЕСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Толығырақ...