ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ЕРЛІК ТЕ, ЕҢБЕК ТЕ ЕЛ ҮШІН...

20:15, 11 мамыр 2021

Оқ пен оттың өтінен өтіп, Отанға оралған оғландардың туған жерін түлетуге қосқан қомақты үлесі, еткен еңбегі ешқашан елеусіз қалмайды. Өз ісінің білгірі атанған қайраткерлердің атқарған қызметі өскелең ұрпаққа үлгі болып қала береді. Соғыстан соң саналы ғұмырын ағарту саласына арнап, кәсіби маман атанып, туған жерінің сүйікті перзенті ретінде көптің алғысына бөленген ардақты азаматтардың бірі, жерлесіміз – Здей Мұхамбетжанов.

Азан шақырып қойған есімі Ізбасқан, ал құжаттарда Здей Мұхамбетжанов деп жазылған жауынгер - Амангелді ауданы, Үрпек ауылының тумасы. 1942-ші жылы әкесі Мұхамбетжан әскер қатарына шақырылып, 5 айдан соң өзі де майдан даласына аттанған. Қан соғыста қатты жарақаттанып, 1946- жылы елге келеді. Әскери шені - аға лейтенант.

Соғыста алған жарақаты сыр беріп, кейін ол денсаулық жағдайына байланысты Арқалық қаласына ауысып, мектеп директоры боп қызмет атқарады. Ағартушылық ісін  туған жерінде жалғастыруды жөн көріп, Амангелді ауданына оралады. Өзі өмірден өтсе де, өнегелі өмірі жас буынға үлгі боп, есімі торғайлық тұлғалар энциклопедиясына енеді.

Туған жеріне кеп, тарих пәнінен сабақ берген Здей Мұхамбетжанов ертеректе ел өмірінде болған елеулі оқиғаларды жаңғыртып, ұлт-азаттық көтерілістің белді тұлғалары хақында еңбек жазып, аудан бойынша қазақ қозғалысына қатысты 8 бірдей ескерткіштің ашылуна сеп болады. Осылайша, ол төл тарихымызды таныту тұрғысында өзі де тарихи тұлғаға айналды.

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...