ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ МЕЙРАМЫ

20:13, 11 мамыр 2021

Тоғызыншы мамыр күні Қостанай қаласында Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері және қала тұрғындары жылдағы дәстүр бойынша «Жеңіс» паркіндегі ескерткіш түбіне гүл қойды. Алайда, рәсім әдеттегідей емес, көп адам қатысуынсыз карантиндік талаптарға сай өтті.

Қала орталығынан басталған көлікті шеру Жеңіс саябағына салтанатты сипатта кірді. Колонна құрамында шаһар басшылығы, ардақты ардагерлер және ұрыс даласында қаза тапқан майдангерлердің ұрпақтары бар. Минуттық үнсіздіктен кейін және жылдағы дәстүр бойынша батырлар аруағына арнап бір дүркін оқ ату рәсімінен соң Мәңгілік алау түбіне гүл дестелері қойылды.

Айта кету керек, бұл салтанатты шараны тұрғындардың бәрі бірдей тамашалай алмады себебі, шектеу шараларын қадағалап, саябақтың кіреберістерін полиция өкілдері  күзетті. Бұл - қауіпсіздік үшін жасалған алғы шарт. Ал қазіргі қан төгіссіз, қауіпсіз заман үшін жан аямай шайқасқан жерлес жауынгерлер Жеңістің жеңіл жолмен жетпегендігін жеткізді.

Мереке күні сити-орталықта концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жергілікті көрермен назарына соғыс қару-жарағы, сарбаздардың жеке қолданған заттары, майдан даласында жазылған хаттар және басқа да экспонаттардан құралған арнайы әскери көрме ұсынылды.

Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты. Адамзат тарихында теңдессіз ерлік көрсеткен  ата-бабаларымыздың қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...