ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

«ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА – ЕЛДІКТІҢ ТІРЕГІ» СУРЕТ КӨРМЕСІ

20:33, 13 шілде 2021

Ата-бабалар аңсаған қастерлі Тәуелсіздіктің тартуы толайым. Азаттықтың ақ таңы алты алашқа өңі түгілі түсіне де кіріп көрмеген теңдесіз сый жасады. Түгелін тізбей, асылдың ішінде жауһары - астанамызды айталық. Елорда – егемендіктің жемісі, Ұлы дала елінің төлқұжаты. Осындай мәнде, Майлин ауданы Майский орта мектебінің оқушылары дербестіктің отыз жылдық думанына орайластырылған сурет көрмесін көрермен назарына ұсынды.

Қазақстан астанасы балалар көзімен. Мектеп оқушылары мемлекетіміздің ордасы - Нұр-Сұлтан қаласы жайында не біледі, оны қалай көреді? Бұл сұрақтарға Майский орта мектебінің шәкірттері ұсынған, бас шаһардың барлық кереметі бейнеленген көрме жауап болды.

«Бәйтерек», «Ханшатыр», «Бейбітшілік пен келісім сарайы» тізе берсе тіл мен жақ талатын, таусылып бітпейтін сәулет туындыларының таңдаулылары мен тамашасы сурет көрмесінде көптің көңілін өзіне аудара білді. Балалар бейнелеген көріністерге әлем жұрты да қызыға қарайтыны жасырын емес.

Жалпы, бұл көрмеге кішкентай қылқалам шеберлерінің жиырмадан астам жұмысы қойлған. Шара бастамашыларының айтуынша, мұндай сурет көрмелері алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады. Осындай жобалар арқылы біз еліміздің нағыз патриоттарын қалыптастырамыз, - дейді ұстаздар қауымы.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ "ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ"
10:14, 16 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ "ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ"
Толығырақ...
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
09:58, 16 қыркүйек 2021
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...