
Әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға қамқор болу ерекше назарды талап ететін басымдықтардың бірі. Оларға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдар да аз емес. 2021 жылдың өзінде 3035 отбасыға коммуналды қызметтерді төлеу бойынша көмек көрсетілген. Аз ғана табысы бар және оның едәуір бөлігін коммуналдық төлемдерге жұмсайтын отбасылар мемлекет тарапынан тұрғын үй көмегін алуға құқылы. Аталмыш көмек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеке тұрғын үйді немесе атқарушы орган жалға берген пәтердің бір бөлігін ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеу үшін берілетін төлем. 2021-ші жылдың өзінде 69,1 млн қаржыға атаулы көмек көрсетілген.