
Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты тұжырымдаманың маңызына қатысты Қостанай Өңірлік университетінің проректоры пікір білдірді. Елбасымыз білім мен прагматизмнің елдің өсіп-өркендеуіндегі маңызды басымдықтар екенін айтты. Жастарға осыны түсіндіру біздің міндетіміз, дейді Нұрлан Мәмиев.
«Nur Otan» партиясының саяси кеңесінің отырысында Елбасы біраз мәселені қозғады. Сол мәселелердің басты түйіні ретінде мемлекетте бірізділік саясатының сақталуы және бейбіт өмір сүру керектігі айтылды. Сондай-ақ, Елбасы пандемия кезіндегі қиыншылықты халықтың билікпен бірге еңсеріп келе жатқандығына ерекше тоқталып өтті дейді, - Нұрлан Мәмиев.