ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЕЛДІ МЕКЕНДЕР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛУДА

09:43, 12 қазан 2021

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыста елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту жобасы қарқын ала түсті. Қостанай ауданына бұл мақсатқа бағытталған қаражат жыл соңына дейін толықтай игерілмек. Мәселен, Садчиков ауылындағы үйлер орталықтандырылған желіге қосылып, тұрғындар тіршшілік нәрімен қамтылуда. Толығырақ келесі бейнематериалда. Халықты ауыз сумен қамту мәселесі Садчиков елді мекенінде өз шешімін табуда. Осыған дейін жергілікті халық ауылдағы жер астынан тартылатын тұзды суды тазартып ішіп отырған. Бұнда тұрғындардың басым бөлігін зейнеткерлер құрайды. Су тасып ішу оңай шаруа емес, әсіресе қысты күні машақаты көп. Аудан көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы жылдары бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Биыл, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында орталықтандырылған су желісі Садчиков елді мекенінде Ленин-Леонов көшелерінен бастап тартыла бастады. Қазіргі таңда 11 шақырым еңсерілді. Жоба құны – 1 млрд 200 млн теңге Облыста әлі де көптеген ауылдар ауыз суға мұқтаж. Президент келер жылдың соңына дейін олардың барлығын орталықтандырылған су жүйесіне қосуды тапсырды. Инфрақұрылымдық жобаларға сондықтан басымдық беріліп, 2025 жылға дейін елді мекендер 100 пайыз тіршілік нәрімен қамтылады.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
13:02, 20 қаңтар 2022
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
13:00, 20 қаңтар 2022
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
12:56, 20 қаңтар 2022
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...