ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ

20:45, 28 қазан 2020

Елдегі ірі кәсіпорындардың бәрі енді қоршаған ортаны ластаудан қорғайтын үздік техникаларды енгізуі тиіс. Бүгін мәжілісте экологиялық кодекс жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бірақ, Нұрлан Нығматулин заң жобасын сынға алды.

Елдің экологиялық жағдайы мәз емес. Көптеген алып компаниялар қоршаған ортаға залалын тигізіп келеді. Енді оларға талап күшеймек. Бұрын айыппұл салынса, оның орнына үздік технологияларды пайдалану міндеттеліп отыр. Яғни, «Ластаушы төлейді» қағидаты енгізіледі. Есесіне, экологиялық төлемдерден босатылады. Ал технологияны пайдаланғысы келмейтін өндіріс орындарына төлем мөлшерлемесі еселеп көбейеді.

Жобаның шикі тұстары да жоқ емес. Айталық, мал шаруашылығымен айналысатындарға қатысты норма күмәнді. 1 тауығы барлар да декларация толтыруы мүмкін.  

Қоршаған ортаға залалын тигізетін кәсіпорындарға жаза да қатаңдатылып жатыр. Өйткені, қазіргі қолданыстағы заң бойынша құқық бұзған кәсіпорынға талап бір жыл ғана жарамды. Енді оның мерзімі 3 жылға дейін ұзартылды. Өйткені, ережені елемей, жыл ішінде бір емес, бірнеше рет заң бұзып, жазадан құтылып кететіндер көбейген. Әкімшілік санкциялардың мөлшері 10 есеге дейін ұлғаяды. Осындай жаңашылдықтар қамтылған кодекс жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
20:04, 26 қараша 2020
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...