ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20:00, 29 сәуір 2021

Қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, адам құқығын таптау. Наурзым ауданы Раздольный ауылының әкімі Ерлан Әлмағанбетов елді-мекенде өзін осылай емін-еркін ұстап, заңды елемейтін болып шықты. Бүгін оның мәселесі облыстық Әдеп кеңесінің кезекті отырысында қаралды. Басқосуда сол сияқты бірқатар мемлекеттік мекемелердің тәртіптік комиссия жұмысының қорытындысы баяндалды.

Ерлан Әлмағанбетов мемлекеттік қызметте бірінші жыл қызмет атқарып жүрген жоқ. Бұған дейін жұмысына еш мін тағылмаған шенеунік соңғы кезде өзгеше мінез таныта бастаған. Себепсіз қатаң сөгістер, лауазымын асыра пайдалану, адам құқығын таптау. Осыдан 2 ай бұрын  Раздольный аулының әкімі Ерлан Әлмағанбетов Наурызым ауданының ветеринарлық станциясының басшысына танысын жұмысқа орналастыру бойынша өтінішпен келген. Танысын жұмысқа алмаса, шара қолданатынын айтып, тіл тигізіп, дөрекі мінез танытқан.

Баяндалған оқиғаны тыңдаған кеңес мүшелері Раздольный аулының әкімі Ерлан Әлмағанбетов  кінәлі деп тауып, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасының 304-бабының 1-ші тармағы бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.
 

Жиында сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтауы және құқықбұзушылықтардың алдын алуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кемшілікті түзеп, олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік беретін  Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері кәсіби этика ережелерін түсіндіру мақсатында жыл басынан бері 20 іс-шара өткізіп, 15-тен астам ұсынысты қараған.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...