ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАРҒАНДАР КӨП

20:39, 2 сәуір 2021

Ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен баспана алу, 300 мың теңгеге жуық қаржылай көмекке ие болып, мансаптық сатымен жоғарылау. Бұл - «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ұсынған ең басты мүмкіндіктер. 10 жылдан астам уақыт сәтті жүзеге асып келен жатқан жобаның Федоров ауданында орындалу нәтижесі жаман емес.

Түркістан облысының тумасы - Гүлмира Тәткенова Қостанай өңірінде қос бірдей мемлекеттік бағдарламаның шапағатын сезінген. Әуелгісі – оқуға түсу үшін оңтүстіктен келген студенттерге ұсынылар «Серпін» бағдарламасы болса, кейінгісі – тұрақты  жұмыс табуға жәрдемдесетін «Дипломмен ауылға» жобасы. 

Ауылдарда негізінен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы саласындағы мамандар үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ, тілдерді оқыту орталығы да кадрлар қатарын креативті жастармен толықтыруға ынталы.     

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы Елбасы бастамасымен әзірленіп, әлі күнге дейін жалғасуда. Осы орайда әлеуметтік қолдау ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген және сертификатталған кадрларды ынталандыру үшін көрсетіледі. Жоба ережесіне сай, жас мамандарға 100 АЕК немесе 291 700 теңге шамасында жәрдемақы және үй сатып алуға немесе салуға төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша бюджеттік несие беріледі.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...