ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:56, 28 сәуір 2021

Арқалық қаласында көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл бұл өлкедегі егіс алаңының аумағы 313 мың гектарға тең. Техника, жанар-жағар май толық дайын. Ауылшаруашылық мамандарының айтуынша, биылғы жылы бидай берекелі болуға тиісті. Алқаптардағы ылғал мөлшері жеткілікті. Шаруаларға тұқым, тыңайтқыштар мен жанар-жағар май сатып алуға мемлекеттен қаражат бөлінген.

Көктемгі егіс науқаны  мұнда межеленген мерзімде басталмақ.  Алқаптардағы  ылғалды топырақ қабаты 50 см мен бір метр аралығында.  Диқандар қауымы биыл  егіннің бітік шығатынына бек сенімді.

Мол өнім алу   үшін көктемгі дала жұмыстарын  агротехникалық талаптарға сай  өткізу  маңызды екенін диқандар жақсы біледі.  Алқаптарда  жерді  тырмалау шаралары мен ылғал жабу жұмыстары жүргізілмек. Егін егу науқаны   кезінде техникалар да  істен шығып жатады.

Биыл  Арқлық қаласы бойынша  313  мың гектар егіс алаңына  дән себіледі.  Былтырғы жылмен салыстырғанда егістік көлемі  54 мың гектарға ұлғайған.   Тұқым, жанар-жағар май жеткілікті. Жаңа техникалар да алынған. Алайда, мемлекет тарапынан субсидия беру мәселесі бойынша қиындықтар бар,- дейді шаруалар.

Жалпы Қостанай облысы бойынша биыл 4 миллион 800 мың гектарға дәнді-дақылдар себілмек. Егістік құрылымында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жарма дақылдарының көлемі біршама ұлғайтылған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...