ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

«COVID-19»: ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20:30, 27 шілде 2021

Облыс әкімі халықты эпидемиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Архимед Мұхамбетов төрағалық еткен жедел штабтың отырысында коронавируспен күрестің қалай жүріп жатқаны қаралды. Вакцинациялау мен жүйелі жұмыстар оң нәтиже бере бастады. Дегенмен, қауіп жоқ емес. Өңір басшысы санитарлық талаптарды қадағалауды тапсырды.

Мониторингтік топтардың жұмысын күшейту, емдеу мекемелерін қажетті жабдықтармен қамтып, санитарлық талаптарды қатаң сақтау.  Бұл - облыс әкімінің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында қаралған өзекті мәселелер. Індетке қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Бүгінде аймақтағы емдеу мекемелерінде 1927 жатын керуеттер болса оның 51,9 пайызы лық толы. Коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында жұмыстарды бәсеңсітпеуіміз керек. Әр орган өзіне тиісті жұмысты атқару қажет. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов осылай деді.

Жиын барысында  аудандар мен қалалардың бұл бағыттағы жұмыстары баяндалды. Бір ғана Арқалық қаласында екпе егетін 7 пункт бар.  Вакцинациялау жұмысы қарқынды. Жоспар бойынша 22 мыңнан астам адамға екпе егу міндеті тұр. Әзірге екпе алғандардың дені - – білім саласының мамандары мен тәртіп сақшылары. Сондай-ақ, Әмірхан Асанов,  «Ashyq» жобасының жұмысына тоқталды.

Облыстық жедел жәрдем орталығының мамандары, күніне 1000-нан астам қоңырау түсетінін айтады. Орталық барлық қажетті құралдармен жабдықталып, қазіргі таңда күшейтілген кестеде жұмыс істеуде. Медицина мамандары, вакцинаны тасымалдау кезінде күрделі тоңазытқыш қондырғылар жеткілікті дейді. 104 тен астам тоңазытқышта бір мезгілде 173 мыңңан астам екпені сақтауға болады.

Жиын соңында Архимед Мұхамбетов тағы да азаматтарды коронавирустық инфекцияныңның таралуына жол бермеу мақсатында барлық ұсынылған шараларды сақтауға шақырды.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...