ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» – ЖАҢҒЫРУҒА БАСТАЙТЫН ҚАДАМ

10:08, 25 қараша 2021

«Цифрлық Қазақстан» – сандық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама. Технология қарыштап дамыған сайын елімізде киберқауіпсіздік шаралары да арта түскен. Күн сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасауды тоқтатар емес. Осының алдын алу мақсатында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің IT-мамандары «SMART» орталығында студенттерге «Ақпараттық шабуылдар» тақырыбында семинар өткізді.

Ақпараттық шабуылдар. Киберкеңістіктің мүмкіндіктері. Бұл – семинарда талқыланған басты мәселелер. Қарапайым ғана ғаламтордағы сауда-саттық жасаудағы алаяқтық деректері былай тұрсын, цифрлы жүйелерді бұзу, елдің электронды әмиянындағы жиған-тергенін жымқыру сынды фактілердің кездесуі елімізде жиілеген. Мамандардың сөзіне сүйенсек, киберқылмыскерлер көп жағдайда адамдардың аңғалдығы мен сауатсыздығын пайдаланады. Елімізде қылмыстың осы түрі «пандемияның» келуімен 47%-ға жоғарылаған.Мамандар, қашықтан жұмыс жасау барысында бірнеше қағиданы есте сақтау керектігін айтады. Поштамен сауатты жұмыс жасау қажет. Бейтаныс адресаттан келген хаттағы сілтемеге басудан, лицензиясы жоқ бағдарламаларды жүктеуден және орнатудан бас тартқан жөн.   Киберқауіптерден қорғану мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Еліміз киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік деңгейдегі төтенше оқиғаларға немқұрайлы қарамауы керек. Өйткені киберкеңістіктегі сын-қатерлер барлық елдердің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні дәлелденген. Семинарға жиналғандардың пікірі осындай.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
13:02, 20 қаңтар 2022
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
13:00, 20 қаңтар 2022
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
12:56, 20 қаңтар 2022
"МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" ЖОБАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...