ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЦИФРЛАНДЫРУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ

20:30, 3 шілде 2020

Виртуалды түрде өтетін жиналыстар, өнімдерді қашықтықтан бағалау. Цифрландыру жүйесін жетік меңгерген кәсіпорындардың қазіргі жұмыс барысы осындай. Мәселен Федоров ауданындағы өнәркәсіптер карантинге байланысты әдеттегі жұмыс әдістерінен бас тартуда. Осыған орай, басшылықтан бастап, қарапайым мамандарға дейін смартфондар арқылы жұмыстарын ширатуда.

Өңірімізде көптеген агроқұрылымдар мен серіктестіктер өндірісін автоматтандыруда. Қазірдің өзінде ондаған шаруа қожалықтар цифрлы жүйеге көшіп үлгерген. Ал қазіргі ахуал бұл процессті жылдамдатуда. Себебі,заман талабы осындай. Федоров ауданындағы «Банновка» өңдірістік кооперативі де бірқатар игі істерді қолға алды. Басшылық пен жұмыскерлер арасындағы байланыс заманауи технологиялар арқылы орнатылуда.

Нәтижесінде қағазбастылық азайып, уақыт үнемделуде. Бастысы- жылдам әрі түсінікті. Басшылық өз компьютерінен егіс даласында орын алған проблемаларды көре алады. Сондай-ақ,кабинетінен шықпай-ақ,істен шыққан техника да көз алдында.Карантин режимі қанша күшейтілгенімен егіс алқаптарының жұмысы тоқтамауы керек.

Федоров ауданында көптеген ірі және кіші кәсіпорындар цифрландырудың барлық артықшылықтарын сезіне бастады. Екі сүт фермасы сауу процестерін автоматтандырды, Сондай-ақ, сиырлардың жағдайы арнайы құрылғымен бақылауда. Нәтижесінде, шығын көлемі азайды.

Кәсіпорындар барлық жабдықтарын өз қаражаттары есебінен сатып алуда. Ал  мемлекет тарапынан  субсидия түріндегі қолдау келсе, цифрландыру жүйесінің қолдану аясы кеңейе теспек дейді мамандар.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА АБАЙДЫҢ ПОРТРЕТІ САЛЫНДЫ
20:30, 7 тамыз 2020
ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА АБАЙДЫҢ ПОРТРЕТІ САЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙМАҚҚА 98 МЛН ТЕҢГЕЛІК ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
20:30, 4 тамыз 2020
АЙМАҚҚА 98 МЛН ТЕҢГЕЛІК ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...