ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

БОРЫШКЕРЛЕРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

20:34, 6 сәуір 2021

Қостанайда салықты уақтылы төлемеген борышкерлермен күрес күшейтілді. Сот орындаушылары, кірістер департаменті және полиция қызметкерлері бірлесіп, арнайы рейд өткізіп жатыр. Берешектері қордаланғандың мүліктері тәркіленетінін ескертеді. Облыс бойынша 135 мыңнан астам автокөлік тіркелген болса, оларға салынатын салық сомасы 2 млрд теңгеге тең. Бүгінде темір тұлпар иелері төлеген қарыз көлемі 1 млрд теңге шамасында.

Бұл Кәмшат Дөненбаев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірі. Жеке сот орындаушылардың осында келуінің себебі бұл үйде көлік салығын төлемей жүрген азамат тұрады. Бірақ, белгілі болғандай,тек қағаз жүзінде ғана. Үй иесі салық төлеуден жалтарып жүрген азаматты танымайтынын айтады.
 

Мамандарының айтуынша темір тұлпар иелеріне рақымшылық шаралары да қарастырылған. Мәселен, салық бойынша берешегі бар тұлғалар жыл соңына дейін негізгі төлемін өтесе, айыппұл өсімі кешірілетін болады.
 

Бұдан бөлек салық төлемдерін уақытылы жүргізбеген тұлғалардың меншігіндегі автокөліктерді арнайы аукционға да коюы мүмкін. Сондықтан, мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары халықты осындай келеңсіз жағдайларға жеткізбеуге және салықты мерзімінде төлеуге шақырады.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...