ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ Толығырақ

БОРАНДА КӨЛІКТЕРГЕ ЖОЛ КӨРСЕТІП ЖҮГІРГЕН ПОЛИЦЕЙ

20:35, 19 ақпан 2021

Ал, қостанайлық полицей Амантай Байжанов автокөлік тізбегіне жол көрсету үшін боранда жүгіріп жүрді. Видео облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланды.

Кадр сыртындағы жүргізушінің сөзінше, тәртіп сақшысы қатты жел, қар мен суыққа қарамастан, 10 автокөліктен тұратын автотізбек жолынан адаспай қалаға жетуі үшін аянбай еңбек еткен. Ол жол көрсетем деп шамамен екі шақырымды жүгіріп өткен. «Көліктің, автотізбектің алдына шығып, қалаға қалай жету керегін көрсетіп жүрген осындай полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Қатты боран соғып тұр! Жол көрінбейді», - дейді ол. Желі қолданушылары да видеоның астына сүйсініп, пікір қалдырған. 18-19 ақпан күндері ауа райы нашарлағандықтан облыс аумағында төтенше жағдайды, адамдардың өлімін, үсіп қалуын, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері облыс аумағындағы жолдарды жапқан болатын

Тақырып бойынша материалдар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ
20:12, 24 ақпан 2021
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХҚКО ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ РЕСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
20:09, 22 ақпан 2021
ХҚКО ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ РЕСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Толығырақ...