ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ Толығырақ

БОРАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ӘБІГЕРГЕ САЛДЫ

20:32, 19 ақпан 2021

Ақпан айы аяқталуға жақындағанымен қыс қаһарынан таяр емес. Өткен тәулікте болған үскірік аязды жел, тас жолдарды қармен бітеп, кейбір бағыттарда қозғалыс тоқтатылған болатын. Төтенше жағдайлар қызметі жеті бірдей құтқару шарасын ұйымдастырды. 19 арнайы техника жұмылдырылды. Осылайша, жолда қалған 12 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Сонымен қатар қарға кептеліп қалған ондаған автокөлік иелеріне көмек көрсетілді.

Биылғы қыстың қаһары қатты. Әсіресе ақпан айында күн ерекше суытып тұр. Мына бейнекадрлар Тобыл қаласында түсірілген. Үскірік аязды  боранда  көліктер  әрең көрінеді. Жолды қар басып қалып, көлік қозғалысы тоқтап тұр. Мұндай ауа-райында жолда жүру жүргізушіге де, жолаушыларға да қауіпті.  Сондықтан, қала сыртындағы 26 бағыт бойынша автокөлік жолдары жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.  Оның 20-облыстық, алтауы республикалық маңызы бар тас жол. Полиция қызметкерлері мен  құтқарушылар жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетті.

Ақпанның 18-де болған дүлей боранда Арқалық-Қайынды бағытындағы тас жолда  УАЗ  маркілі көлік сынып қалған. Машина ішінде 7 жолаушы болған. Оның екеуі балалар. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, оларға көмектесті.  Бұл өткен тәулікте болған жалғыз жағдай емес. Аязды жолда барлығы 7 бірдей құтқару шарасы  жүргізілді.  Абырой болғанда  жолда қалғандар арасында қайғылы жағдай тіркелмеді. Алдағы уақытта да құтқарушылар осы қарқында жұмысты жалғастыра береді.  Тек,  қала сыртындағы тас жолдар ғана емес, шаһар ішіндегі көлік қозғалысы да қиындағаны рас.  Қазір  қала бойынша 90  - нан астам түрлі жол аршығыш техника тоқтаусыз жұмыс істеуде.

Коммуналшылар кешелі бері жолдар ашылып, қатынас қалпына келтірілгенін жеткізді.  Жолдарды тазарту шаралалары  сапалы түрде жүргізілуде.

Өткен тәулікте  қар өте көп мөлшерде түсті.  12 миллиметр.  Синоптиктер таяудағы тәуліктерде күннің суытатынын  айтып отыр. "Казгидромет" мамандарының мәліметінше, Қостанай  облысы бойынша түнгі уақытта  термометр көрсеткіші -30 градусқа дейін күрт төмендейді. Ал күндіз шамамен  15-20 градус болады деп болжайды.  Сондықтан, алыс жолға шықпай, абай болуға кеңес береді. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ
20:12, 24 ақпан 2021
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХҚКО ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ РЕСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
20:09, 22 ақпан 2021
ХҚКО ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ РЕСІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Толығырақ...