ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

20:19, 1 маусым 2020

1 маусымнан бастап сонымен облыс, қалалар арасындағы блок-бекеттер алынды. Бұл күндері індетпен күресте полицейлер мен дәрігерлердің еңбегі өлшеусіз екенін атап өткен жоқ. Өз міндеттерін мінсіз атқарған мамандарды Полиция департаментінің бастығы марапаттап, арнайы «Алғыс хаттар» табыс етті.

Диана Зайлер  Қостанайдағы №2-ші қалалық емхананың маманы. Ол карантин кезінде 1 айдан астам блок бекетте қызмет етті. Айтуынша, дәрігерлер тәулік бойы адамдардың өмірін құтқарып, инфекциямен күресті. Оңай болған жоқ, бірақ бар күшімізді салдық, дейді.
 

Қостанай облысында 1 маусымға қараған түні өңірлер арасындағы блок-бекеттер алынды. Қазіргі таңда тек 4 -і жұмыс істеп тұр. Олардың екеуі Жітіқара ауданында, екеуі Ресей шекарасының маңында. Блок-бекеттерде жұмыстарын тиянақты атқарған мамандарды «бүгінгі күннің батырлары», деп атады облыс әкімінің бірінші орынбасары. 

2 ай көлемінде блок бекеттерде 380 мың автокөлік және 615 мың адам тексерілді. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салу Ковид-19 індетінің таралуын азайтуға мүмкіндік берді. Полиция қызметкерлерінің планшеттеріне енгізілген электрондық база тәртіпбұзушылықты анықтауға көмектесті. Жалпы облыс бойынша 53 блок бекетте күнделікті  265 полиция қызметкері мен 100-ден астам медицина мамандары жұмыс істеді.

Шектеу шаралары жеңілдесе де эпидемия жойылған жоқ.  Қоғамдық орындарда медициналық маска киіп санитарлық нормаларды қатаң сақтау жалпыға ортақ міндет.

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
20:30, 15 шілде 2020
АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...