ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

BLOCKCHAIN АРҚЫЛЫ КЕПІЛДІ ОНЛАЙН ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

09:28, 11 қазан 2021

Азаматтарға арналған үкімет Отбасы банкімен бірлесіп, жеке тұлғаларға арналған жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызметке «Blockchain» технологиясын енгізді. Жылжымайтын мүлік кепіл шартын онлайн тіркеу қызметін автоматтандыру – банк клиенттеріне бұл процесті 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жылжымайтын мүлік кепілінің шарттарына қол қоюға және тексеруге жұмсалатын операциялық шығындар да қысқарды. Жаңа қызметтің мүмкіндігі жайлы толығырақ. Енді Отбасы банктің кепіл шартын ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше ипотекалық тұрғын үй бағдарламалары жұмыс істейді. Олардың барлығында дерлік алғашқы төлем жасалады және әртүрлі пайыздық мөлшерлеме көрсетілген. Жуырда ғана некеге тұрған Ыбырайғалиевтер отбасы 2 жылдан бері қаражат жинап, жылдық 6 пайыздық баспанадан үмітті. Жас отбасы Blockchain арқылы кепілді онлайн тіркеуден өтіп, несие рәсімдей алатындарына қуанышты екендерін айтады. Ипотеканы рәсімдейтін қазақстандықтар кепіл шартымен baspana.otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетінде таныса отырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын мемлекеттік тіркеу туралы нәтиже хабарлама түрінде банк сайтындағы және eGov порталындағы жеке кабинеттерге келіп түседі. Қазіргі таңда Қостанай қаласы бойынша 20-дан астам отбасы несиені «блокчейн» арқылы рәсімдеп үлгерген.Blockchain жүйесі – бұл деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігін толығымен жоққа шығаратын жеке-жеке блоктардан тұратын тізбек жүйесі. Бұл жолданатын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Азаматтарға арналған үкімет бұл бағытта барлық банктермен жұмыс істеуге әзір.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 706 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ӨТТІ
12:48, 26 қазан 2021
ОБЛЫСТА 706 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
11:09, 25 қазан 2021
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУЫҚ СУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 34 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
11:07, 25 қазан 2021
«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...