ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ 15,8 МЛН ГЕКТАР ДӘНДІ - ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ

10:30, 22 қазан 2021

Биылғы 22 қазандағы жағдай бойынша елімізде 15,8 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 99,7 пайызы жиналды. Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 млн тонна өнім бастырылды, оның 11,8 млн тоннасы бидай.Сондай-ақ 1,6 млн тонна майлы дақылдар, 3,8 млн тонна картоп, 4,6 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды, делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінде. Негізгі астық егетін өңірлер – Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 млн гектар жиналды, бұл олардың жалпы жинау алаңының 100 пайызын құрады. Орташа өнімділік 8,8 центнерге жетіп, 10,1 млн тонна бастырылды. «Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 396,5 мың тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отыны бөлінді. Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,4 млн тонна, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,8 млн тонна, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде 16,6 млн тонна. 15 қазандағы жағдай бойынша 3,5 млн тонна астық сақтауға жөнелтілді. «Жалпы егін жинау болжанған көлемде аяқталды. Жиналған дақыл сапасының жоғары көрсеткіштерін атап өткен жөн. Ауыл шаруашылығы министрлігінің есептеуі бойынша қалған көлем қазан айының соңына дейін жиналады», - делінген министрлік хабарламасында.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
10:31, 25 қараша 2021
ЖЕКЕ ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 7 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
10:15, 25 қараша 2021
ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚТЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
10:14, 25 қараша 2021
ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН КӘСІПОРЫНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:54, 22 қараша 2021
«ӘЙЕЛДЕР КҮШІ» АЛЬЯНСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...