ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

БИЫЛ 1500 АДАМ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНДА БІЛІМ АЛМАҚ

20:58, 29 сәуір 2021

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыру. Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалаудағы негізгі бағыт бұл. Биыл Мемлекеттік басқару Академиясының аймақтық бөлімінде 1500 мемлекеттік қызметші білімін жетілдірімек. Оқыту үрдісі онлайн форматта ұйымдастырылған.

Баспасөз брифингінде жауапты мекеме өкілдері Мемлекеттік басқару Академиясына 2021-2022 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу ережесі жөнінде  бандады. Бұндағы басты бағыт- жергілікті мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігін, білімі мен біліктілігін арттыру. 

Статистикалық мәліметтерге сенсек, 2019 жылы Академияның облыстық филиалында 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметші   оқудан өтті. Ал  былтырғы  көрсеткіш бұдан сәл жоғары.   Биылғы жылға жоспарланған меже – бір жарым мың адам.  

Мемлекеттік басқару Академиясы аймақтық филиал қызметінің басым бағыты –  жергілікті мемлекеттік қызметшілердің білімі мен құзыреттіліктерін арттыру болып табылады. Осы бағытта оқу ордасы  облыстық әкімдік және Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментімен ынтымақтақтатық байланыс орнатқан. Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу мүмкіндігі   жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...