ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

БІРЛІКТІҢ, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ

20:57, 29 сәуір 2021

Тұңғыш Президент Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Елбасы өз сөзінде бұл маңызы зор міндетті мемлекет Президенті атқаруы тиіс деп атап өтті. Сондай-ақ, сессия аясында ұлтаралық татулықтың қаймағын бұзбай, мемлекеттік тілді меңгеруге деген талпынысты арттыру мен жастарды қолдау секілді өзекті тақырыптар қозғалды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы онлайн форматта өрбіді. Оған еліміз бойынша қашықтан 600-ден астам адам қатысты. Бұл тізімде этно-мәдени орталық өкілдері, Парламент депутаттары, саяси және діни бірлестіктердің басшылары мен зиялы қауым өкілдері бар. Сессия тақырыбы - «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы». Осы уақыт ішінде еңсерілген қиындықтар мен жеткен жетістіктер әңгімеге арқау болды. 

Елбасы сессия барысында халықты біріктіретін құндылықтың бірі – мемлекеттік тіл екеніне назар аудартты. Бұл ретте тек қазақ тіліне ғана басымдық берілмеген. Елдегі этностардың да  мәдениеті мен тілін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті. Соның аясында отандастар ортақ мақсат пен ортақ ұмтылыс төңірегіне топтаса білді.

Ұлтты ұйыстырып, ырыс-ынтымағымызды арттыру – өзекті мәселе. Біз әрқашан «Береке басы – бірлікте» деген қастерлі қағиданы ұстандық. Қазақстан отыз жыл ішінде халқы тату, жері тыныш, тұрақты мемлекетке айналды. Бұл – мақтан тұтарлық жетістік!

Сессияда аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус дерті қыспаққа алған қазіргі күрделі кезеңде де халқымыздың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін бір Ел, бір Ұлт болып жұмылуымыз керектігін айтты. Татулық пен келісім саясатын лайықты жалғастырып, дамыта түсу – Ассамблеяның алдында тұрған басты мақсат, деді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...