ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

«БІР ҮЙ - БІР БІРЛЕСТІК - БІР ШОТ». ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВТЕРІ ЖОЙЫЛМАҚ

20:48, 7 сәуір 2021

Елімізде енді пәтер иелері кооперативі болмайды. Оның орнына мүлік иелері бірлестігі құрылады. 1 шілдеге дейін тұрғындар өз мүлік иелерінің нысанын таңдауы керек. Ол серіктестік немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Жаңа жүйенің ерекшелігі қандай? Тиімділігі неде? Тілші тарқатсын.

Жаңа құрылым «бір үй-бір бірлестік-бір есепшот» қағидасына негізделген. Тұрғындар өз үйлерін өздері басқарады. Яғни, үйді күрделі жөндеуге қаражатты өздері жинайды, кем-кетікті өзара келісіп отырып түгендейді. Және сол қаражаттың түсуін және ақшаның мақсатты жұмсалуын бақылайды.

Ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізу тетіктері өзгереді. Мүлік иелері бірлестігі арқылы жеңілдетілген қарыз алу мүмкіндігі қарастырылған. Екі шот ашылады. Жинақтаушы шот, ол күрделі жөндеу жұмыстары үшін және екінші шот күтіп ұстау мақсатына жиналатын ақша.

Жаңашылдықтың тетіктері қазір жан-жақты талқыланып жатыр. Ал, тұрғындардың талабы қандай өзгеріс енгізілсе де, сеніп берген ақшасы көлденең біреудің қалтасына түспей, мақсатты жұмсалғаны.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...