ШҰҒЫЛ! КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Толығырақ

БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

10:04, 9 қараша 2021

Тобыл қаласында белсенді ұзақ өмір сүру клубы өз жұмысын жалғастыруда. Бұл уақытын көңілді және пайдалы өткізгісі келетін зейнет жасындағы адамдарға арналған орта. Мұнда қазыналы қарттар кез-келген уақытта бас қосып, пікірлесе алады. Орталықта түрлі мәдени, рухани клубтар мен егде жастағылар үшін үйірме жұмыс істейді.

Тобыл қаласында орналасқан «Белсенді өмір сүру орталығындағы» ең жасы үлкені 86-да. Мұнда йога және скандинавиялық серуендеу күнделікті өткізіледі. Ал бірқатар мамандар клуб мүшелеріне медициналық, психологиялық және заңгерлік кеңестер береді. Сонымен қатар, зейнеткерлер ай ти, смарт сауаттылық және шет тілдерін меңгеруде.Келемін деушілерге жеке басының кәуілігі мен зейнеткерлік құжаты болса жеткілікті. Аға буынның өз уақытын заман табына сай тиімді өткізу өздері үшін ғана емес ең алдымен келешек ұрпаққа маңызды, дейді клуб өкілдері. Өз кезегінде қариялар орталыққа келгендеріне өкінбейтіндерін айтады.

Зейнеткерлерге лайықты көңіл бөлу үшін апта сайын ауқымды шара өтеді. Нақтырақ айтсақ, мамандар клуб мүшелерімен бірлесіп көшпелі іс-шаралар өткізіп, мәдени нысандарға экскурсия жасайды.Мамандар халықаралық өлшемге сәйкес, 60 жастағылар қария қатарына жатпайтынын айтады. Өйткені, Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай әлемде өмір сүрудің орташа ұзақтығы 76 жасқа жетпек. Бірақ, мәселе ұзақ жасауда емес, өмірді мәнді-мағыналы, сапалы-белсенді өткізуде, - дейді қоғамдық бірлестік мүшелері.

Тақырып бойынша материалдар

КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12:19, 26 мамыр 2022
КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
12:18, 26 мамыр 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
17:09, 23 мамыр 2022
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
17:25, 23 мамыр 2022
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
Толығырақ...