ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

БЕЙПАРТИЯЛЫҚ САЙЛАУ ОРТАЛЫҒЫ САЙЛАУДЫҢ ӘДІЛ ӨТУІН ҚАДАҒАЛАЙДЫ

10:00, 21 шілде 2021

Ауыл әкімдерін халық сайлайды. Бұрын-соңды мұндайды өткізіп көрмеген едік. Жаздың маңызды саяси оқиғасы шілденің 25-іне белгіленді. Бұл күні бұқара 730 ауыл әкіміне дауыс береді.Сайлау әділ және ережеге сай өтуі тиіс. Осы орайда өңірімізде биыл құрылған сайлауалды бейпартиялық байқау орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Арнайы іріктелген бақылаушылар учаскелерде дауыс берудің ашықтығын қадағалайтын болады.

Бейпартиялық байқау орталығы саяси додаға дайындығын бастады. Бүгінде Қостанай қаласы бойынша 65 сайлау округі бар. Орталық байқаушылары ешбір үміткерге болыспайды. Мақсат – науқанның барынша әділ өтіп, заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету.


Болат Қалиев, Қостанай облысының сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі:

Биылғы жылдан бастап, елімізде партиялық емес байқау орталығы құрылды. Сол Республикалық орталықтың біздің Қостанай облысында филиалы ашылды. Осы филиалдың сайлау науқанына жүргізіп жатқан басты іс-шаралары ол әрине байқаушыларды дайындау, аранйы семинарларды өткізу және де оларға дұрыс методикалық құралдар беріп,олардың құжаттамаларын дайындау жұмысымен белсенді түрде айналысып жатыр.

Алдын ала іріктелген орталық өкілдері шілденің 25-і күні жұмыстарына кіріседі. Олар учаскеде сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін болады. Егер қандай да бір ережебұзушылық анықталып жатса, бақылау комиссиясы сол жерде акті толтырады. Дәлел ретінде фото немесе видеожазба жасауы қажет. 

Болат Қалиев, Қостанай облысының сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі:

Байқаушылардың құрамында мобилді және станционарлы байқаушылар бар. Әр бір өңірде байқаушылардың координаторлары бар. Осындай үлкен құраммен біздің орталық сайлау науқанына жұмыстар жүргізуде. 25-ші шілде күні біздің байқаушылар өз міндеттерін жоғары дәрежеде орындауға дайын.   
 

Айта кетейік, бүгінде бейпартиялық байқау орталығы сайлау бақылаушысы ретінде  400-ден астам адамды дайындауда. Олардың құрамында түрлі саланың өкілдері бар. Іс-барысын қадағалаушылардың қатарына БАҚ өкілдері де кірмек.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ "ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ"
10:14, 16 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ "ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ"
Толығырақ...
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
09:58, 16 қыркүйек 2021
«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...