ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАҒАН

11:51, 13 қазан 2021

Қостанай облысы тұрғын үйді пайдалану бойынша жоғары көрсеткішке жеткен өңірлердің алғашқы үштігіне енді. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі осындай мәліметтерді жария етті. Оң динамика Қостанай мен Рудный қалаларында және Қостанай ауданында байқалады. Көрсеткіштер жоғары. Құрылыс қарқын ала түскен. Жыл соңына дейін тағы жүздеген отбасылар сәтін салса, қоныс тойларын тойлатады. Тілші тарқатсын. Бұл-Қостанай қаласының іргесінде орналасқан «Қонай» ықшам ауданы. Ол болашақта облыс орталығындағы ең ірі тұрғын үй кешендерінің біріне айналады. 500 гектар жерде 30 бесқабатты баспана тұрғызылады. Әлеуметтік нысандар, соның ішінде екі мектеп пен үш балабақша пайда болады. Жаңа шағын ауданда жеке сектор құрылысына да басымдық беріледі. Олар бірыңғай сәулетті үлгіде салынады. Қостанай облысында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының қарқыны жоғары. Ауқымды жобаны Тобыл өңірінде іске асыру үшін Республикалық бюджеттен 7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның аясында көп балалы отбасылар және өзге де әлеуметтік әлсіз топқа жататын тұрғындар баспанамен қамтылуда. Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Қостанай қаласында екі тұрғын үй салынып жатыр. Оның бірі Қонай шағын ауданында орналасқан 60 пәтерлі баспана. Ол жыл соңынан дейін пайдалануға беріледі. Ал әуежай шағын ауданында салынып жатқан 108 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2022-ші жылы аяқталады. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында Рудный қаласында 90 пәтерлі екі үйде жуырда тұрғындар қоныс тойларын тойлайды.

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
16:22, 26 қазан 2021
ҮКІМЕТТЕ ЖҰРТТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
16:20, 26 қазан 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...