ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

БАЛЫҚ АУЛАУҒА УАҚЫТША ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

20:40, 6 сәуір 2021

Уылдырық шашу маусымына байланысты аймақта балық аулауға уақытша тыйым салынды. Шектеулер кәсіби әрі әуесқой балықшыларға да қолданылады. Осыған орай Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік инспекциясы балық шаруашылығы бөлімі өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олардың айтуынша, ереже бұзған тұрғындарға әкімшілік және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған

20-шы наурыздан бастап балықтар уылдырық шаша бастайды. Ол әдетте, маусым айының соңына дейін жалғасады. Осыған байланысты жыл сайын, Қостанай облысының су айдындарында балықтардың және басқа да су мекендеушілерінің көбеюі кезеңінде балық аулауға тыйым салынады. Нақты уылдырық шашу уақытын мамандар мәлімдесін.

Желбезектілердің көбеюі кезінде Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің мамандары табиғат пайдаланушыларының тәртіпке бағынуын қадағалайды. Осы ретте су айдындарында рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

Балық аулау ережесін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егер, уылдырық шашу кезеңінде балық аулау аса ірі көлемде жүргізілсе, онда қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Мұндай жағдайларда айыппұл 100 АЕК-тен асады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...