ШҰҒЫЛ! КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

13:00, 20 қаңтар 2022

Облыста азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу бойынша бірқатар шаралар қолға алынды. Тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті мөлшерде. 10 мың ауыл шаруашылығы өнімі бар. Қостанай қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиында жауапты сала мамандары 4 ірі сауда нүктелерімен меморандум жасалғанын мәлім етті.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу. Әлеуметтік тауар бағасын тұрақтандыру. Бұл, күн тәртібіндегі басты мәселе. Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов, ішкі нарық сұранысын қамту үшін жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетілетінін айтты. Соңғылары болса, өз кезектерінде, бағаны көтермеуге уәде етті. Әкімдік, 4 ірі сауда нүктелерімен, олар: («Астықжан», «Меркурий», «Солнечный», «Тамаша») меморандум жасасты.


35 сауда нысандарында 350 әлеуметтік сөре ашылды. Азық-түліктің 19 түрі бойынша күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бизнес субьектілерінде егер баға сауда үстемесінен асып кету жағдайлары анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қостанайда қазіргі күні барлық әлеуметтік маңызы бар тауарлар қолжетімді, ешқандай тапшылық жоқ.   
 

Мемлекет шағын және орта бизнеске әркез қолдау көрсетіп келеді. Көптеген кәсіп иелері соның арқасында аяқтарынан нық тұрып, қазіргі күні кәсіптерін дөңгелентіп отыр. Сыйға сый. Енді, кезек біздікі. Билік бізге өтініш айтып отырған кезде, қолдан келгенше жәрдемдесуіміз керек, дейді іскер азаматтар.

Президент тапсырмасы Қостанайда осылайша жүзеге асырылып жатыр. Билік қолға алған  бірнеше шара нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.   

Тақырып бойынша материалдар

КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12:19, 26 мамыр 2022
КООПЕРАТИВТЕН - БІРЛЕСТІККЕ. ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
12:18, 26 мамыр 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
17:09, 23 мамыр 2022
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
17:25, 23 мамыр 2022
ОБЛЫСТА 5 МИЛЛИОН 200 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘН СІҢІРІЛМЕК
Толығырақ...