ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

АВТОШЕРУ ӨТТІ

20:26, 8 маусым 2021

Бейімбет Майлин ауданында ұлттық рухты көтеретін акция өтті.10-нан астам көлік көк туды желбіретіп Тобыл станциясынан Әйет ауылына дейін жүріп өтті. Шара кезінде бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символына айналған көк туымыз, елтаңбамыз бен асқақ әнұранымыз барынша әспеттелді.

Егемендіктің ең басты белгісі, тәуелсіз елдің нышаны осы. Рәміздерге құрмет көрсету, өзіңнің елдігіңді бағалау, тәуелсіздігіңді ұлықтау. Бейімбет Майлин ауданының жастар орталық алаңның маңында "Менің туым" акциясына қатысты.
 

Шараның мақсаты - өскелең ұрпақ бойындағы мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырып, патриоттық сезімді ояту. Көлік шеруі Тобыл кентінде басталып, Әйет ауылында  аяқталды. Акцияға қатысқандар 8 шақырым жолды жүріп өтті. Шара соңында еріктілер өз әсерімен бөлісті.
 

Айта кетейік, мұндай акция Қостанай облысында соңғы 5 жыл көлемінде жиі ұйымдастылырып келеді. Себебі халқымыздың рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін рәміздер қазақ жұрты үшін қастерлі, қадірлі.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...