ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

АУЫЛДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

20:35, 28 шілде 2021

Орталықтандырылған су құбыры және су тарату пункттері. Қазақстан бойынша елді-мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылуда. Мәселен, Федоров ауданында бүгінгі таңда бес ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынуда. Ауданның 49 елді мекенінің бесеуі сапалы сумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, су тарату пункттерінің де құрылысы қызу жүруде.

Жуырда Федоров ауданына қарасты 5 ауылдың тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы Баннов, Кенерал, Успенов, Придорожное және Чехов ауылдарында жалғасуда.

2019 жылдан бастап Федоров ауданындағы Баннов және Чехов ауылдарында сумен жабдықтау желілерін тарту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін 1 млрд 642 млн теңге қаржы жұмсалған. Биылғы жылы құрылыс монтаждау жұмысын аяқтау үшін қосымша тағы 600 млн-нан астам бөлінді.

Кенерал ауылына су тарту мәселесі де өз шешімін табуда.  Федоров ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан бұл елді-мекенде 950 адам тұрады. Барлығы маусымдық жұмыстармен айналысады, сондықтан суға деген сұраныс жоғары. Өткен жылдан бастап мұнда ұзындығы 17 шақырымды құрайтын су құбыры тартыла басталды. Жобаның жалпы сомасы 606 млн теңге. Бүгінгі таңда, жұмыс аяқталуға жақын, дейді жауапты мамандар.

 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...