ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

АУЫЛ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

20:01, 29 сәуір 2021

Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Биыл ұсталғандарды тасымалдауға арналған 15 қызметтік УАЗ көлігі сатып алынбақ. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан қомақты көлемде қаржы бөлінді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тың техникалар қылмыстық ізін суытпай ашуға мүмкіндік бермек.

2021 жыл құқықбұзушылықтың алдын-алу жылы. Осы шара аясында тәртіп сақшыларының жұмысын жетілдіру, материалдық - техникалық базасын жақсартуға  көмек қолдау артпақ. Мысал үшін биыл барлық ауыл учаскелерінің инспекторларын қызметтік автокөліктермен қамту көзделген. Осы мақсатқа   жергілікті бюджеттен 92 млн  теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу шарасы  мамыр айында өтеді. 

Полиция Департаменті жергілікті  ұсталғандарды тасымалдауға арналған  15 көлік сатып алмақ. УАЗ маркілі көліктердің  қарапайым үлгісіне тапсырыс берілді. Әрбіреуі 6 млн теңге. Бұл техника ауыл учаскелерінің инспекторларына арналған.

Елде жүргізілген құқықтық реформалардың арқасында құқық қорғау  қызметін қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамту шаралары ретке келтірілгенін айтады  тәртіп сақшылары. Полиция  қызметінің техникалық мүмкіндіктері  жақсарған сайын қылмыс жасау деңгейі де едәуір төмендемек.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...