
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі едәуір артқан. Өңдеуші сектор жұмысы да қарқын ала түсті. Бұл туралы Қостанайда аймақ басшысының қатысуымен өткен жиында айтылды. Егіс науқанының барысы талқыланып, Архимед Мұхамбетов бірқатар нақты тапсырмалар берді.