
«Ауыл - Ел Бесігі» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 40 мыңға жуық адам тұратын 32 ауылдық елді мекенде жаңа 70 жобаны іске асыру және 2021 жылы басталған 5 жобаны аяқтауға 7,5 млрд.теңге бөлінді. Бұл туралы Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық кеңесте айтылды. «Ауыл - Ел Бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде өңір басшысы Архимед Мұхамбетов жауапты сала өкілдеріне бірқатар тапсымалар берді.
«Ауыл- Ел Бесігі» бағдарламасы аясында өткен жылы облыс көлемінде бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, 2021 жыл өңір бойынша 73 мыңнан астам тұрғыны бар 20 ауылда 71 жобаны іске асыруға 6,5 млрд. теңге қарастырылған. Маңыздылығы жоғары жобалардың барлығы жоспарға сай аяқталды.Атап айтсақ, Торғай және Ұзынкөл ауылдарында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Сондай-ақ, Аманқарағай ауылында модульдік қазандық және Қарабалық кентінің әлеуметтік нысандарына арналған екі автономды қазандық пайдалануға берілді.
Мемлекеттік бағдарлама биыл да өз жалғасын табуда. Ағымдағы жылы 40 мыңға жуық тұрғыны бар 32 ауылдық елді мекенде жаңа 70 жобаны іске асыру және 2021 жылы басталған 5 жобаны аяқтауға 7,5 млрд. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, 24 ауылда қашықтығы 63 шақырымдық 56 кентішілік жолдарды орташа жөндеу жоспарланып отыр.Бұл жбаларды іске асыруға қаржы ұлттық қор мен республикалық бюджеттен және жергілікті қазынадан бөлінеді.
Облыс әкімі «Ауыл– Ел Бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылдарды жаңғыртып, жаңа жұмыс орындарын құру қажет деп тапсырма берді. Жоспар бойынша биыл 32 ауыл жаңа кейіпке еніп, 300-ге жуық адам жұмысқа орналастырылмақ.