ШҰҒЫЛ! «NUR OTAN» «ПУТЬ ПЕРЕМЕН: ДОСТОЙНУЮ ЖИЗНЬ КАЖДОМУ!» Толығырақ

АУЫЛ АХУАЛЫ

20:35, 27 шілде 2021

Хабарымызды аудан жаңалықтарымын жалғаймыз. Облыс бойынша соңғы екі жылда 54 селолық округ оңтайландырылып, 30-ға жуық елді мекен таратылды. Болашағы жоқ деп танылған сондай өлкенің бірі - Наурызым ауданына қарасты Мереке ауылы. Ол мүлдем құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Жергілікті тоғыз жылдық мектеп оқушы саны толмаса, биыл жабылып қалуы да мүмкін. Оның алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары өз күштерімен иесіз қалған ескі үйлерді жөнге келтіріп, сырттан көпбалалы отбасыларды шақыруда.

Есік-терезесі үңірейіп, қабырғалары қақыраған ескі үйлер. Мереке ауылының осы күнігі көрінісі бұл. Ертеректе 3,5 мың халқы болған елді мекеннің тірлігі қайнап жатушы еді дегенге сену қыиын. Мектепте 600-ге тарта оқушы болатын. Бүгінде бала саны 40-қа да  жетпейді. Енді осы оқу ошағы жабылса, жағдайымыз мәз болмайды, – дейді жергілікті жұрт.

Әзірше, ауылда 50 үй бар. Күн көріс көзі – ата кәсіп. «Әр адамда уақ малды есепке  алмағанда, ең кемі 10-15 бас ірі қарадан бар», – дейді ауыл тұрғындары. Бұл өлкенің шөбі – шүйгін, суы мол. Сондықтан мал бағуға барлық мүмкіндік бар. Алайда, одан қайыр жоқ, өркениет жетістіктерінен жұрдай, байланыс нашар, интернет деген атымен жоқ. Ауылда «тұщы» деген 2 құдық суының сапасы да күмәнді. Аудан орталығынан 180, Қостанайдан 300 шақырым қашық ортаналсқан елді мекенде әсіресе, көктем, қыс мезгілдерінде қатынас тоқтайды. Бірақ, мұндағы азын-аулақ жұрт әлі де ауылды сақтап қалуды көздейді. Жоғары жақтағылардан қайыр болмаған соң, ескі үйлерді өздері жөндеп, сырттан адам шақырып жүр.

Тұрғындар тартуға қолдау білдірген жергілікті жеке шаруа қожалық иесі - Ернар Омаров екі-үш баспананы қайта қалпына келтіруді қолға алған.

Бұл ауылға биыл Атырау, сосын Алматы облысынан екі отбасы көшіп келеді деп күтіліп отыр. Олар өсіруге ынталы көрінеді. Дегенмен, көшке бөгет болып отырған басты мәселе – интернеттің жоқтығы. «Тым құрығанда атқарушы билік осы жағынан жәрдеессе екен», – дейді мерекеліктер.
 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:53, 16 қыркүйек 2021
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
09:49, 16 қыркүйек 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
09:54, 14 қыркүйек 2021
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...