ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

21:24, 16 маусым 2021

Жаздың жаймашуақ күндері каникулға шыққан кішкентай қала тұрғындары орталық саябақтағы түрлі аттракциондарды ермек етуде. Ал бұл аттракциондар қаншалықты қауіпсіз? Әткеншектер мен дөңгелек айналмаларға отырарда нені ескерген жөн? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қостанайда аттракцион жасалмайды. Тек дайын әткеншектер сатып алынады. Демек, кәсіпкер оны құру және қолдану талаптарын білуі тиіс. Аттракцион құрылатын жердің топырағына, қаланың климаттық жағдайына мән беріледі. Әткеншектер арасындағы қашықтық ескеріледі. Баланың салмағы мен бойына қатысты шектеулер болса, сол әткеншектің жанында ақпараттық стендтің болуы міндетті. Облыстық  техникалық реттеу және метрология департаментінің мамандары «Аттракциондарды пайдалануға беру және қауіпсіздік талаптары» заңынын техникалық регламенттерінің саябақтарда қатаң сақталуы тиіс, сақталмаған жағдайда айыппұл салынатынын айтады.

Орталықтағы саябақ Бақытжамал әжейдің қаладағы ең сүйікті орындарының бірі. Кезінде өз балаларымды осында әкеп тұратынмын, дейді. Бүгін немерелерін ертіп келіпті. Саябақта аттракциондардың түр-түрі жетерлік. Олардың дені 1980 жылдары құрылған. Яғни қолданылғанына 35-40 жыл болған. Ал, негізінде пайдалану мерзімі 50 жыл деп көрсетілген. Десекте арасында ескілігіне байланысты сыр беріп қалатындары да бар. Бірақ, саябаққа келушілердің саны одан азаймаған.

Жалпы орталық саябақта 32 көңіл көтеру құрылғылары бар. Оның 3-уі су жаңа аттракциондар. Көңіл көтеру құрылғыларының 27-сі аттракцион болса, 5-уі батут. Саябақ басшыларының айтуынша, болашақта мұнда өзге де әткеншек түрлері пайда болады. Барлығы кезең-кезеңімен атқарылады. Мәселен, бір аттракцион үшін кем дегенде 24 млн теңге жұмсалады екен.

Балалардың аттракциондарда қозғалысы барысындағы қауіпсіздік – басты назарда. Саябақтағы әткеншектердің барлық ықтимал қауіпті жерлері таяныштар және қоршаулармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл – техникалық регламенттегі басты талап.  Егер аттракцион құрылғысы бұзылған болса, жабдықтың жұмысын дереу тоқтату керек. Ал, аттракционды пайдалану ережесін сақтамаған кәсіпкерлерлерге жаза қатаң болмақ.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
20:43, 29 шілде 2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...