
Түркістанда халыққа Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың негізгі бағыты мен маңызы түсіндірілді. Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың ұйымдастыруымен өткен өңіраралық көшпелі кездесуге Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аудандық, қалалық мәслихат хатшысы, тұрақты комиссия төрағасы және депутаттар қатысты. Сонымен бірге қоғамдық кеңес пен Ардагерлер ұйымының өкілері, кәсіпкерлер, жастар, шаруа қожалық жетекшілері мен дихандар шақырылды. Басқосуда республикалық штаб мүшелері бесінші маусым күні халықтың дауысы маңызды екенін атап өтіп, бір кісідей қатысуға шақырды.