ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

«Ashyq» жүйесі арқылы үй карантинін бұзған 1710 адам анықталды

10:10, 10 қыркүйек 2021

Қостанай облысында «Ashyq» жобасына қатысушы нысандар үй карантинін бұзған 1710 адамды анықтады. Оның ішінде "қызыл" мәртебесі бар 1122, "сары" мәртебесі бар 588 адам болған. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оларға қатысты хаттамалар жасады.

Егер карантиндегі науқас санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамай, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзса және өзгелерге қасақана жұқтыру қаупін тудырса, заңға сәйкес оған 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар адам өзін-өзі оқшаулау тәртібін ерікті шара, оны қатаң сақтау міндет емес деп санайды. Осылайша өзгелерге қауіп тудыратынын түсінбей, емін-еркін серуендеп жүреді. Өйткені, вирус адам ағзасына түскеннен кейін біраз уақыт инкубациялық жағдайда болады, ал оны жұқтырған адам өзгелермен қарым-қатынас жасай отырып, оларға қорқынышты инфекцияны тарататынын түсінбейді. Естеріңізге сала кетейік, науқастармен байланыста болған, алайда COVID-19-дың теріс ПТР-тест нәтижесі бар адамның "сары" мәртебесі 14 күнге дейін сақталады. Covid статусты тексеру үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Ashyq.kz сайтынан тексеруге болады. COVID-19 анықталған адамдар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін Халыққа қызмет көрсету орталықтары, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және тағы басқа мекемелердің қызметтерін пайдаланбақ болған. Айта кетейік, облыста Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер бұрынғыдан 2 есе көп карантин талабын бұзушыларды анықтады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
09:47, 23 қыркүйек 2021
" ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ "АДАЛДЫҚҚА ҮГІТТЕЙДІ
Толығырақ...
 ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
09:40, 23 қыркүйек 2021
ӨЗГЕРІС ЖОЛЫ: БАРЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!
Толығырақ...
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
09:09, 22 қыркүйек 2021
БАНКТЕРДІҢ МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫС ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...