ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ 10-ШЫ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

20:58, 28 сәуір 2021

Қостанай қалалық Ардагерлер кеңесінің 10-шы пленумы өтті. Күн тәртібінде зейнеткерлердің өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар талқыланды. Жиынға ардагерлер кеңесінің мүшелері және 90-жылдары Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына үлес қосқан азаматтар қатысты.Толығырақ тілші бейнметариалында.

Келешек деп кенезесі кепкенше, әл-қуаты жеткенше еңбек еткен атпал азаматтар бүгінде самайын қырау шалған қария. Баянды күніміздің болмысы ардагерлердің атқарған еңбектерінің жемісі екені ақиқат. Ал, бүгінгі күні қауқарсыз қарияларға қаншалықты жағдай жасалуда? Бұл сауал да қараусыз емес.Облыс орталығында өткен ардагерлер жиыны осы мәселеге арналған.
 

Ел Тәуелсіздігін алғалы бері ардагерлерге де айтарлық жағдай жасалуда. Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес әр облыс өз қарауына алған ардагерлерге түрлі мазмұндағы көмек көрсетуде. Мәселен, қалалық ардагерлер кеңесі денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, зейнеткерлерді қоғамдық өмірге тартуға және олардың компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шараларды өткізіп келеді.
 

Бүгінде Қостанай қаласында 40 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың көбі  белсенді өмір салтын таңдаған.Осыған байланысты облыс орталығында бірнеше шағын демалыс орталықтары жұмыс істейді.Мұнда қариялар әңгіме-дүкен құрып, үстел ойындарын ойнап, теледидар көріп, газеттер оқи алады.Сондай-ақ, спортпен айналысуға да жағдай жасалған.
Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...